01 сентября 2020
104

1 қыркүйек - «Білім күні»

1-қыркүйек «Білім күніне»  арналған салтанатты шара қазіргі таңда елімізде өршіп тұрған пандемияға байланысты онлайн форматта өткізілді. Шара соңында тікелей эфирде көрермендер арасында жаңа оқу жылынын керемет бастауы ретінде ACER ноутбугы ойнатылды. 

«КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы, академик, профессор, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК АКАДЕМИЯСЫНЫҢ  БҚО филиалының төрағасы, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты,   БҚО қоғамдық кеңесінің хатшысы, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Әйтімов Ақсерік Сарыұлы студенттер мен профессорлық оқытушылар құрамын жаңа оқу жылымен құттықтап,жылы лебізін білдірді.Әрі қарай шара «Достық» студенттер сарайы ұжымының ұйымдастыруымен өткізілген концерттік бағдарлама мен жалғасты. Конкурс жеңімпазы Тараз қаласының тұрғыны Айгул Абатовна ноутбук иегері атанды.