20 января 2020
77

Заведующий

 

Сайлау Хамитұлы Сүлейменов

1949 жылы 30 мамырда Чапай ауданы, Балықшы ауылында дүниеге келді.

1956-57 жылдары осы ауылда бастауыш мектептің табалдырығын аттады.

1957-58 жылдары Жымпиты ауданы, Жымпиты орта мектебінде 2 класты бітірді.

1958-60 жылдары осы ауданның Аралтөбе орта мектебінде 3-4 кластарда  оқыды.1960 жылы Орал қаласындағы № 11 С.Сейфуллин атындағы мектеп -интернат кешеніне оқуға қабылданады.Осы мектепті 1966 жылы оқып бітіреді.

1966-68 жылдардың аралығында Орал машина жөндеу зауытында темір жонушы, мехкомбинатында жүкші болып қызмет атқарды.

1968 жылы күзде кеңес армиясының қатарына шақырылып, әскери қызметін Түркімен республикасының астанасы Ашхабат қаласында №10944 әскери құрамада бастады.Осы қалада әскери ант қабылдаған соң Өзбекстанның Самарханд қаласында орналасқан жаңа әскери техникаларды "БТР, БМП, БМП-60П" меңгеру 6 айлық сержанттар дайындайтын №75515 әскери құрамда қызметтен өтті.

1969 жылдың көктемінде өз әскери бөлімшесіне қайтып келді.1969 жылы көктемдегі Совет қытай шекарасындағы әскери қақтығысқа байланысты полк шекараға жедел түрде жөнелтілді.Себебі №10944 полк Түркістан әскери округында ең жоғары әскери әзірліктегі және жаңа әскери техникамен жабдықталған әскери құрама болатын.Соғыс әрекеттеріне абыройлы қатысқаннан кейін бұл әскери құрама шекараны бекіту үшін Семей облысы Георгиевка елді мекенінде жаңадан құрылған армия генералы Лященконың Орта Азия әскери округінің құрамында қалдырылды.Ұланды старшина әскери дәрежесі .Отан алдындағы абыройлы еңбегі үшін  "За войнскую доблесть" медалімен, "Владимир Ильич Лениннің 100 жылдық" мерекелік медалімен және совет армиясы үздігі төс белгісімен марапатталды.

1970 жылы күзде әскер қатарынан босатылды.1971 жылы  Оралдағы А.С.Пушкин атындагы Педагогикалық институттың тарих және педагогика факультетіне оқуға түседі.

1973 жылы үздік оқуымен қоғамдық жұмыстарға өте жақсы қатысқаны үшін КСРО жоғарғы Білім министрлігі мен Бүкіл Одақтық Ленин комсомолының орталық комитетініңАлтын төс белгісімен марапатталды. 

Институтта оқып жүріп 4 жыл қатарынан студенттердің "Арай" құрылыс отрядының командирі болып жұмыс атқарды.

 1976 жылы "Тарих пәнінің мұғалімі және мектеп тыс жұмыстарды ұйымдастыру" мамандығы бойынша үздік қызыл дипломға ие болды.

1976-79 жылдардың аралығында жолдамамен Жаңақала ауданы Айдархан орта мектебінде тарих және қоғамтану пәндері оқытушысы, мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары.

1979-83 жылдардың аралығында Орал ауылшаруашылық институтында партия тарихы кафедрасында оқытушы қызметін атқарды.1983-91 жылға дейін жаңадан ашылған білім ордасы Орал мәдени-ағарту училещесінде өз мамандығы бойынша қызмет атқарды.            

1991-2004 жылдары аралығында педагогикалық институттың басшылығының шақырылуымен тарих және педагогика факультетінің деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ректордың әкімшілік-шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары жұмыстарын атқарды.

2004-2019 жылдары Батыс Қазақстан облыстық гуманитарлық академияның тарих және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы.Осы жылдарда 14-тен астам әртүрлі деңгейдегі марапатқа ие болды.

Жұбайы тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Д.Д.Сүлейменовамен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Х.Ы.Есенжановқа арналған "Даласына лайық дарын", "Арманың үндеседі ақжайықпен", "Ақжайығын аңсаған азамат", "Аққу махаббат" кітаптарының авторы.Ақиық ақын Қазақстан халық жазушысы жерлесіміз Т.Жароковке арналған "Биікке самғайтын құс" жинағының авторы. 30-дан астам ғылыми тарихи-танымдық мақалалардың авторы.

10 жыл бойына студенттердің құрылыс жасақтары командирі. КСРО-ның құрметті доноры. Халықаралық Қызыл крес және Қызыл жарты ай атқару комитетінің төлалқа мүшесі (Москва 1990-91).

"Халықаралық Невада-Семей антиядролық қозғалысының 25 жылдығына", "Бауыржан Момышұлы атындағы Батыр шапағаты", "Семей ядролық полигонының жабылуынын 20 жылдығына байланысты", "Ұлы Қазан социалистік революциясының 100 жылдығына байланысты", "Семей Ядролық полигонының жабылуынын 25 жылдығына байланысты", "Халықаралық Невада-Семей антиядролық қозғалысының 20 жылдығына", «Қазақстанның патриоты», «Бауыржан Момышұлы атындағы Отан қорғаушы» төс белгілерімен марапатталды.

     Бүгінгі таңда Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті «Рухани жаңғыру» кафедрасының меңгерушісі, «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы. Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы ретінде қоғамдық-саяси, мәдени, ғылыми жұмыстардың барлығына үнемі қатысып отырады.

     Өте кішіпейіл, мейірімді, ұлағатты ұстаз.